29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Уразбахтин: «Біз «Реал Мадридтің» соңғы бес кездесуін ғана мұқият қарап шықтық»

Рафаэль Уразбахтин: «Біз «Реал Мадридтің» соңғы бес кездесуін ғана мұқият қарап шықтық»

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин матч алдындағы баспасөз мәслихатында мадридтік «Реалмен» болатын кездесуге қатысты ойымен бөлісті, — деп хабарлайды Sport Pulse.

«Біз «Реал Мадридтің» соңғы бес кездесуін ғана мұқият қарап шықтық. Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ПСЖ-ға қарсы өткізген ойынын да талдап көрдік. Футболда жеңіліс те кездеседі, бұл – ойынның бір бөлігі. «Реал Мадрид» – өте тұрақты ұжым. Олар матч жоспарын жиі өзгертіп отырды, бұл белгілі бір қиындықтар тудырған сияқты. Сонымен қатар негізгі құрамға көбінесе қосалқы ойыншылар тартылғанын да байқадық. Біз негізінен олардың жеңіске жеткен ойындарын зерттедік, енді ертең алаңда бәрі қалай боларын көретін боламыз», – деді Уразбахтин.

Еске сала кетейік, «Қайрат» — «Реал» ойыны Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч 21:45-те басталады.