01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» шабуылшысы «Тұранға» қарсы матчта командасына көмектесе алмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» шабуылшысы «Тұранға» қарсы матчта командасына көмектесе алмайды

«Жетісу» шабуылшысы Рафаэль Саксесс Қазақстан чемпионатының 19-туры аясындағы «Тұранға» қарсы кездесуге қатыспайды. Бұған оның өткен турдағы алаңнан қуылуы себеп болды.

27 жастағы нигериялық ойыншы алдыңғы турда «Елімайға» қарсы өткен матчта (0:3) екі сары қағаз алып, алаңнан шығарылған еді. Сол себепті алдағы турда командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Саксесс небәрі екі матч өткізіп үлгерді. Сол ойындардың бірінде гол соғып, бір рет алаңнан қуылды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!