Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Физиев жаңа салмақ дәрежесіне өтуді қарастыруда

Рафаэль Физиев жаңа салмақ дәрежесіне өтуді қарастыруда

«UFC» файтері Рафаэль Физиев өз мансабында жаңа салмақ категориясына ауысуды ойлап жүр, деп хабарлайды «Bloody Elbow».

— Мен салмақ дәрежесін өзгерту жайлы ойланып жүрмін. Бұл жолы салмақ түсіру өте оңай болды, тіпті жекпе-жекке дайындық уақыты аз болғанына қарамастан. Мен салмақты тез тастағаным сонша, нутрициологім қайтадан килограмм қосуға мәжбүр болды, — деді Физиев.

Спортшы жартылай жеңіл салмаққа ауысу туралы ой бұрыннан бар екенін айтты, өйткені өзін қазіргі салмақ дәрежесі үшін тым шағын сезінеді.

— Мен жоғары деңгейдегі файтерлермен жұдырықтасқым келеді. Жартылай жеңіл дивизиондағы жігіттерді мықты қарсыластар деп санаймын. Бірақ егер мен салмақ тастасам, олар үшін қиындықтар басталады, — деп түйіндеді ол.