17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Физиев UFC-де қарсылас табудағы қиындықтар туралы айтты

Рафаэль Физиев UFC-де қарсылас табудағы қиындықтар туралы айтты

Championat.com хабарлауынша, Қазақстанда дүниеге келген, Әзірбайжан атынан өнер көрсететін UFC жеңіл салмақ дәрежесінің он бірінші нөмірі Рафаэль Физиев қарсылас табуда үлкен қиындықтарға тап болды.

UFC-дегі алты жылдық мансабында спортшы үш операция жасатып, соның салдарынан екі жылға жуық өнер көрсете алмады. Жарақаттан айығумен қатар, Физиев тағы бір мәселеге тап болды — көптеген жекпе-жек шеберлері онымен айқасудан бас тартуда.

Қатарынан алты адам менімен шығудан бас тартты. Біресе бір жері ауырады, біресе құлағы шаншиды… Қазір тіпті қиынға айналды — мен қауіпті жігітпін! Бірақ қағаз жүзінде үш жеңілісім бар. Екеуі — «кеш айқасы» бонусымен, ал бір жекпе-жекте өзім сынып қалдым, бірақ жеңетініме сенімді едім

Физиев әлеуетті қарсыластары ағымдағы жеңіліс статистикасына қарамастан, онымен айқаста өз рейтингін тәуекелге салудан қорқатынын атап өтті.