22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Физиев Бакудағы турнирден кейін Дэн Хукерге қарсы шықты

Рафаэль Физиев Бакудағы турнирден кейін Дэн Хукерге қарсы шықты

UFC ютуб-арнасының хабарлауынша, Рафаэль Физиев октагонда Дэн Хукермен кездесуге ниет білдірді — спортшы рейтингтегі жоғалтқан позицияларын қайтаруды көздеп отыр.

«Хукер – бойы ұзын жігіт. Маған осындайлармен төбелесу ұнайды. Ол нағыз ер азамат, оның көптеген керемет жекпе-жектері бар. Тағы бір жекпе-жек қосылады. Ол менің орнымды алды, енді мен оны қайтарғым келеді», – деді Физиев.

Айта кетейік, Физиев жақында Бакудағы UFC Fight Night турнирінің басты оқиғаларының бірінде Игнасио Бахамондесті жеңсе, Хукер шамамен он ай бұрын Матеуш Гамротты жеңген болатын.