06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» қорғаушысымен келісімшарт бұзды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қызылжар» қорғаушысымен  келісімшарт бұзды

Беларусьтік легионер Илья Мартинович Солтүстік Қазақстан командасынан өз бастамасымен кетіп қалды. Ол 2025 жылғы маусымда 18 матч өткізіп, бір гол соққан.

Sports24.kz мәліметінше, қорғаушы енді «Қызылжар» ойыншысы емес. Келісімшарт футболшының жеке өтініші бойынша бұзылған.

Мартинович петропавлдық клубқа маусым алдындағы кезеңде қосылған болатын. Қысқа уақыт ішінде негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналды. Оның қорғаныстағы сенімді ойыны, әсіресе турнир кестесіндегі тікелей бәсекелестермен кездесулерде, командаға үлкен көмек болды.

Қазіргі таңда «Қызылжар» 19 турдан кейін 19 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. Клуб келесі ойынын 9 тамыз күні сырт алаңда «Ұлытауға» қарсы өткізеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!