15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» он ойыншымен «Ақтөбеден» ұпай тартып алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қызылжар» он ойыншымен «Ақтөбеден» ұпай тартып алды

ҚПЛ-дың 12-туры аясында «Қызылжар» өз алаңында «Ақтөбемен» 1:1 есебімен тең түсті. Петропавлдық команда алғашқы таймда бір ойыншысынан айырылғанына қарамастан, жеңілістен құтылып кетті.

Ойын алдындағы жағдай бойынша «Ақтөбе» 25 ұпаймен турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде болса, «Қызылжар» маусымды тұрақсыз бастап, алғашқы ондыққа бекінуге тырысып жүрген еді.

Кездесу тең дәрежеде өтті. Бірақ бірінші таймның соңына қарай «Қызылжар» қорғаушысы Илья Мартинович алаңнан қуылып, команда он ойыншымен қалды. Екінші таймда «Ақтөбе» бұл басымдықты ұтымды пайдаланып, Оралхан Өміртаев жақын қашықтықтан есеп ашты. Алайда алаң иелері кері шегінбей, Андрей Васильевтің голының арқасында таразы басын теңестірді.

12 турдан кейін «Ақтөбе» 26 ұпай жинап, көшбасшылар қатарында қалды. Келесі матчта команда «Жетісумен» кездеседі. Ал «Қызылжар» 14 ұпаймен 8-орында тұр, келесі турда олар Қызылордада «Қайсарға» қарсы ойнайды.