11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» мен «Қайрат» матчының өтетін күні өзгерді

«Қызылжар» мен «Қайрат» матчының өтетін күні өзгерді

Қазақстан Премьер-лигасы 25-турындағы «Қызылжар» мен «Қайрат» матчының өтетін күні өзгерді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күнтізбе бойынша кездесу 19 қазанға белгіленген еді. Екі команданың өзара шешімімен ол 17 қазан күні сағат 15:00-де өтетін болып белгіленді.

Алматылық клуб турнир кестесінде 46 ұпаймен екінші орында тұрса, 21 ұпайды еншілеген «Қызылжар» тоғызыншы орында тұр.