10.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

“Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

“Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

Клубтың инвесторы кәсіпкер Сергей Кан. Жаңа заңды тұлға– «QYZYLJAR» футбол клубы атты жеке мекемені тіркеді. Команда өзінің атауын, клубтық түстерін және тауар белгісін сақтайды.

Бас менеджер ретінде тәжірибелі маман Әлішер Апсалямов тағайындалды. Ол бұған дейін Sarajevo, Cardiff City, «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобыл» клубтарында тәжірибе жинаған.