24.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қызылорда клубы Томас Джонсты қатарға қосуды жоспарлап отыр

Қызылорда клубы Томас Джонсты қатарға қосуды жоспарлап отыр

Қызылорданың Қайсар клубы 28 жастағы чилилік вингер Томас Джонсқа екі жылдық келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы оң қапталда ойнайды. Осы уақытқа дейін Томас Джонс кәсіби мансабын тек өз елінде өткізген.

Өткен маусымда ол Чилидің екінші дивизионында өнер көрсететін Копиапо сапында 29 матчқа қатысып, 13 гол соққан.