22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қырғызстандық журналист Дияр Нұрғожайдың қарсыласы жайында айтып берді

Қырғызстандық журналист Дияр Нұрғожайдың қарсыласы жайында айтып берді

23 тамыз UFC Шанхай турнирінде қазақстандық Дияр Нұрғожай Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевке қарсы жекпе-жек өткізеді. Қырғыз журналисі Бексултан Усеналиев осы жекпе-жек жайында Pulse Fighting ютуб арнасына берген сұхбатында Уранның қалай айқасатынын айтты.

Уран аяқта тұрып айқасуды шебер меңгерген. Аяғымен, қолымен қарсыласын аямай ұрады. Оның үстіне греплингі де жақсы. Базасы таза ММА. Дияр да дәл солай аяқта тұрып айқасады. Демек бұл нағыз қан жоса жекпе-жек болғалы тұр. Бұл жұп алғашқы болып шығатыны өкінішті. Басты кардқа жақын қоюға тұрарлық жекпе-жек еді, — деді Бексултан Усеналиев.

Подкасттың толық нұсқасы осы сілтемеде.