28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қуат Хамитов: Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді деп ойламаймын

Қуат Хамитов: Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді деп ойламаймын

Отандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты ойын Sport12.kz YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Орта салмақта чемпиондыққа үміткер Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді деп ойламаймын. Себебі, қаржылық тұрғыдан өте тиімсіз. Қазақстанда ешкім ақша төлеп, айқасты көргісі келмейді. Ал АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия сынды елдерде бұл жүйе жақсы дамыған. Сондықтан Шавкат шетелде айқаса береді деп ойлаймын», — деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов күзде Белал Мухаммадпен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.