01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің финалына шыға алмады

Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің финалына шыға алмады

Жібек Құламбаева (309) Сербияның Куршумлия-Бане қаласында өткен ITF турнирінің жартылай финалында жеңілісе тапты.

Қазақстандық теннисші Солтүстік Македониялық Лина Гьорческамен (310) кездесті — 2 сағат 19 минутқа созылған матч македониялық спортшының пайдасына 2:6, 6:2, 3:6 есебімен аяқталды.

Турнирдің шешуші матчында Гьорческа грекиялық Марта Матуламен (414) күш сынасады.

Бір апта бұрын Құламбаева Куршумлия-Банедегі тағы бір турнирдің финалына бір қадам жетпей тоқтаған еді — сол кезде ол ресейлік Алина Чараевадан (207) 6:4, 4:6, 1:6 есебімен жеңілген болатын.