25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Куламбаева мен Сағандықова ел чемпионатының алтынын сарапқа салады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Куламбаева мен Сағандықова ел чемпионатының алтынын сарапқа салады

Астанада өтіп жатқан теннистен Қазақстан чемпионатында финалға шыққан спортшылар белгілі болды.

Бас жүлде үшін чемпионаттың бірінші ракеткасы Жібек Қуламбаева мен Аружан Сағандықова таласады. Жартылай финалда Аружан Полина Слепцованы 6:3, 6:2 есебімен, ал Жібек Инкар Дүйсебайды 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

«Ел чемпионатының финалына шыққаныма қуаныштымын. Бұл өте ауыр және шиеленісті матч болды – әр гейм оңайға соқпады, бірақ мен алғашқы доптан соңғысына дейін концентрацияны сақтап отырдым», – деді Қуламбаева.

«Үйдегі чемпионаттың финалына шыққаныма өте қуаныштымын. Жібекпен өтетін матчтың оңай болмайтынын жақсы білемін – ол тәжірибелі, тұрақты және көп жылдан бері жоғары деңгейде ойнап жүр. Бірақ мен осындай шақыруларды жақсы көремін. Мұндай ойындар өсуге көмектеседі», – деді Сағандықова.

Beeline Janymda. Матчтарды тамашалап, қай жерде болсаңыз да эмоцияларыңызбен бөлісіңіз!

АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ.

A`SU іш әр сағат сайын.

Lexus — Таңғажайыпты сезін.

Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның алтын өндіруші компаниясы «RG Gold».