27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Құат Хамитов Жәнібек Әлімханұлына Головкиндей инвестиция салуды ұсынды

Құат Хамитов Жәнібек Әлімханұлына Головкиндей инвестиция салуды ұсынды

Қазақстандық танымал ММА жекпе-жек шебері Құат Хамитов WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының болашағы туралы өз көзқарасын білдірді.

Әлімханұлының аңызға айналған боксшы Геннадий Головкинмен кездесуі түсірілген бейнежазбаға қатысты, жас чемпионға кеңес берген сәтіне Хамитов әлеуметтік желілерде пікір қалдырды:

Жәнібекке Головкиндей 50 миллион доллар инвестиция салыңыздар, екі жылдан кейін сіздерде жаңа қаһарман пайда болады! Бәрі өте қарапайым

Айта кетерлігі, Құат Хамитов — қазақстандық спорт жүйесінің, әсіресе жекелеген спорт түрлерін мемлекеттік қаржыландыру мәселелерінің белгілі сыншысы.