12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ-да бүгін 16-шы турдың екі матчы өтеді

ҚПЛ-да бүгін 16-шы турдың екі матчы өтеді

Қазақстан Премьер-Лигасының 16-шы туры аясында бүгін екі футбол матчы өтеді — оларды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Алаңға келесі командалар шығады:

  • «Ұлытау» мен «Елімай» — басталуы 17:00-де
  • «Тұран» мен «Қызылжар» — басталуы 20:00-де

Турдың қалған үш кездесуі ертеңге жоспарланған, ал «Атырау»«Қайрат» және «Қайсар»«Ақтөбе» матчтары биылғы көктемде өткен болатын.