22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ: Алматыда кейінге шегерілген матч өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚПЛ: Алматыда кейінге шегерілген матч өтеді

Бүгін, 22 қыркүйекте, Қазақстан премьер-лигасының кейінге қалған 20-тур ойыны аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдайды. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда сағат 18:00-де басталады.

Маусым басында Астанада өткен алғашқы ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы «Жеңіс» қарымта қайтаруға мүмкіндік алады.

Турнирлік кестеде «Қайрат» 22 ойында 49 ұпаймен екінші орында тұр. Егер алматылықтар бүгін жеңсе, чемпионатта көшбасшылыққа көтеріледі. Ал «Жеңіс» 22 ойында 31 ұпай жинап, жетінші орында келеді.