16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ-2025: Талдықорғандағы матчта тең нәтиже тіркелді

ҚПЛ-2025: Талдықорғандағы матчта тең нәтиже тіркелді

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында «Жетісу» және «Қайсар» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаң иелері 11-минутта Алан Чочиевтің керемет айып соққысынан кейін алға шықты. Бірақ көп ұзамай, қонақтар сапында Айбар Жақсылықов гол соғып есепті теңестірді.

Екінші тайм басталысымен-ақ талдықорғандықтардың сапынан Нұрбол Ануарбектов өрескел ереже бұзғаны үшін, алаңнан қуылды. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазір «Жетісудың» еншісінде 21 ұпай, ал «Қайсарда» 20 ұпай бар.