22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ: 17-турдан кейінгі үздік сұрмергендер анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚПЛ: 17-турдан кейінгі үздік сұрмергендер анықталды

Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аяқталып, үздік сұрмергендердің жаңартылған тізімі жарияланды.

Көш басында 9 голмен «Астана» шабуылшысы Назми Грипши тұр. Ал одан бір ғана голға қалып қойған үш бірдей футболшы екінші орынды бөлісіп отыр:

  • «Қайраттың» 16 жастағы талантты шабуылшысы Дастан Сатпаев
  • «Астананың» тәжірибелі ойыншысы Марин Томасов
  • «Оқжетпестің» үздігі Дәурен Жұмат — үшеуі де 8 голдан еншілеген.

Үздік бомбардирлер бестігін «Тобыл» клубының шабуылшысы Ислам Чесноков түйіндейді. Оның еншісінде 7 гол бар.

Айта кетейік, маусымның екінші жартысы басталғалы шабуыл шебіндегі тартыс қыза түскен. Алда әлі бірнеше тур бар, демек бұл тізім алдағы аптада-ақ өзгеруі мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!