14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

QJL All Star туралы сериал – қазірдің өзінде Freedom Media-да!

QJL All Star туралы сериал – қазірдің өзінде Freedom Media-да!

QJL All Star мен Мадридтің «Атлетико» клубы арасындағы матчқа арналған Freedom QJ League деректі сериалының премьерасы өтті.

Алдағы кездесу – бұл жай ғана тоқсан минуттық футбол шоуы емес. Бұл – көрермендер үшін де, ең үздік құрамға енуге мүмкіндік алған жас спортшылар үшін де нағыз мереке.

Ал жанкүйерлер әсерлі лазерлік шоу, жоғары технологиялы интерактивтер мен стильді диджей-сеттерден ләззат алып жатқанда, ойыншылар сәттің қадірін сезініп қана қоймай, ең алдымен өздеріне – әлемге әйгілі клуб академиясындағы құрдастарынан еш кем еместігін дәлелдеуге тырысады.

Әрбір қимылдың артында – ондаған адамның бірнеше айлық еңбегі жатыр, әрі бұл тек футболшылар мен бапкерлер ғана емес. Freedom QJ League тарихындағы алғашқы деректі сериал бірнеше айға созылған оқиғаның сырын ашады – ойыншылар, бапкерлер мен Лига мамандары үздік құрам қалай біртіндеп құрылғанын, мүмкін еместей көрінген мақсатқа жету үшін қандай жолдардан өткенін баяндайды.

Бірінші эпизод қазірдің өзінде Freedom Media-да қолжетімді. Онда спорттық-аналитикалық бөлімнің команда мен бапкерлер штабын қалай іріктегенін, сондай-ақ ойынды дайындау кезінде сарапшылар ұстанған философиямен таныса аласыз.

QJL All Star матчы 23 тамызда Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтеді. Билеттерді Freedom Ticketon сайтынан сатып алуға болады!

Промокод QJL2025 арқылы Freedom Media-ға үш айлық жазылымды небәрі 5 теңгеге алыңыз!