26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

QJL ALL-STAR мен «Атлетико Мадрид» арасындағы тарихи матч

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Freedom QJ League-дағы ең айтулы оқиға 23 тамызда қайта оралады! Лиганың үздік ойыншыларынан құралған құрама әлемдік футболдағы ең беделді академиялардың бірі – мадридтік «Атлетико» тәрбиеленушілерімен кездеседі.

Өткен жылғыдай, матч Алматы қаласында өтеді. Жанкүйерлер жас таланттардың тартысты ойынын тамашалап қана қоймай, қызықты шоу-бағдарламалар мен түрлі ойын-сауық шараларына куә бола алады.

Бұл кездесу жас спортшылар үшін баға жетпес тәжірибе болмақ. Сонымен қатар, Freedom QJ League пен мадридтік «Атлетико» арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына жол ашады. Жаңа маусымда тараптар All Star матчымен қатар, Қазақстанда әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Freedom QJ League президенті Рохус Шох:

«Мадридтік «Атлетико» секілді қарсыласпен кездесудің өзі – біздің жігіттер үшін үлкен мереке. Бұл – өз мүмкіндіктерін сынап, көпшілік алдында өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Мадрид клубындағы әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғысымды білдіремін – олардың тәрбиеленушілері де Қазақстанға сапар барысында ерекше әрі тың әсер алып қайтады деп сенемін. Мұндай халықаралық тәжірибе алмасу екі тарапқа да пайдасын тигізері анық».

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!