15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

QJ League жобасына 8 миллиард теңге салынды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
QJ League жобасына 8 миллиард теңге салынды

Тимур Турлов 2023 жылдан бері QJ League-тің үш маусымына 8 миллиард теңге инвестиция салды. Бұл — тек футбол емес, үлкен жобаның бастамасы екенін көрсетеді.

2024 жылғы маусымның шығыны – 1,46 млрд теңге. Бұл кейбір ҚПЛ клубтарының жылдық бюджетімен тең.

1 миллиард теңге мына мақсаттарға жұмсалды:
– командалар мен төрешілердің жол ақысы
– қонақ үй мен үш мезгіл тамақ
Бұл шығындардың барлығын Лига өз мойнына алған.

300 миллион теңге:
– трансляциялар
– толық статистика
– цифрлық жобалар
Барлығы жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін жасалды.

2024 жылы Лигада 3 турнир ғана болса, бүгінде:
– 5 дивизион
– 54 команда
– 1 620 ойыншы (қыздар мен ұлдар)