19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

QJ League қыздар футболын жаңа деңгейге көтереді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстанда әйелдер футболы жаңа кезеңге қадам басты! QJ League алдағы маусымнан бастап жасөспірім қыздар арасындағы жарыстарды ұйымдастырады.

ҚФФ Атқару комитетінің соңғы отырысында 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы республикалық чемпионатты өткізу құқығы QJ League-ға берілді. Бұл шешім жас футболшы қыздарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың дамуына үлкен серпін бермек.

Алдағы маусымда QJ League алаңдарында тек жасөспірім ұлдар ғана емес, талантты қыздар да өз шеберліктерін көрсетеді!

Бұл туралы QJ League ресми сайты хабарлады.