13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚХЛ: «Барыс» үшінші ойында жеңіліс тапты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚХЛ: «Барыс» үшінші ойында жеңіліс тапты

ҚХЛ-дың 3-турында «Барыс» Астанада «Минсктің Динамосын» қабылдап, 1:3 есебімен ұтылды.

Қонақтар сапынан алғашқы голды 6-минутта Алекс Лимож соқты. Екінші кезеңде Майкл Веккьоне таразы басын теңестіргенімен, көп ұзамай Виталий Пинчук қайтадан «Динамоны» алға шығарды. Ал соңғы нүктені үшінші шайбамен Сами Анас қойды.

«Барыстың» жалғыз голы 34-минутта Майкл Веккьонеге тиесілі болды (ассист: Морелли мен Галимов).

Астаналық клуб келесі кездесуін өз алаңында 15 қыркүйекте Мәскеудің «Динамосына» қарсы өткізеді.