14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ төрешілерді маусым соңына дейін шеттетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚФФ төрешілерді маусым соңына дейін шеттетті

Қазақстан футбол федерациясы ҚПЛ-дің «Тұран» – «Қызылжар» кездесуіндегі даулы эпизодтарға байланысты төрешілерге қатысты шешім шығарды. Аталған матчқа бас төреші ретінде қызмет еткен Тимур Қумашев пен VAR жүйесіне жауапты Георгий Чеховский маусымның соңына дейін орнынан шеттетілді.

ҚФФ мәлімдемесінде олардың әрі қарайғы тағдыры маусым аяқталған соң қаралатыны айтылды.

Сонымен қатар, ҚФФ төрешілер департаментінің жетекшісі Нуну Каштру бұл матчтағы пенальтидің дұрыс қойылмағанын растады. Бұл шешім футбол қоғамдастығында қызу пікірталас туғызған болатын.