26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ президенттігіне үміткер болған тұлға италиялық төрешіні сынға алды

ҚФФ президенттігіне үміткер болған тұлға италиялық төрешіні сынға алды

Алтай Даумов — Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне бұрынғы үміткер — ҚПЛ-дің шешуші матчына италиялық төрешілер бригадасының тағайындалуына наразылық білдірді.

Ертең өтетін 26-шы тур матчында алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» арасындағы ойынды — Маттео Маркетти бастаған италиялық төрешілер бригадасы басқарады.

Менің ойымша, оның бұл қалада пәтері бар және ол осында тұрады. Әйтпесе бір италиялықты үнемі Қазақстанға жіберуді қалай түсіндіруге болады. Төрешілік мәселелердің жоғары деңгейде және бір жақты шешілуі мені таңғалдырады, — деді Даумов.

Кездесу Алматыда өтеді — матч 15:00-де басталады.