30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ президенті ӘЧ-2026 іріктеу матчтарынан кейін Әлиевті қызметінен босатуы мүмкін

ҚФФ президенті ӘЧ-2026 іріктеу матчтарынан кейін Әлиевті қызметінен босатуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың болашағы туралы маңызды мәлімдеме жасады — бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Қыркүйекте қазақстандық команданы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Уэльспен үйде және Бельгия мен Лихтенштейнмен сырт алаңда ойындар күтіп тұр.

Уэльспен, Бельгиямен, Өзбекстанмен ойын қалай өтетінін көреміз. Егер нәтиже болмаса, кадрлық шешім қабылдаймыз, — деді Омаров Үкімет дәлізінде құрама бас бапкері Әли Әлиевтің болашағы туралы сұраққа жауап беріп.