15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті

Астанадағы «Футбол үйінде» Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom QJ League лигасының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті.

ҚФФ тарапынан кездесуге Федерация президенті Марат Омаров, бас хатшы Давид Лория, Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев және техникалық директор Геннадий Скуртул, ал Freedom QJ League тарапынан президент Рохус Шох, атқарушы директор Александр Орлов, спорттық-талдамалық бөлімнің жетекшісі Арсен Іңкәрбеков және travel-менеджер Әмір Есеркепов қатысты.

Тараптар кездесуде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының қазіргі жағдайы мен болашағын, соңғы үш жылда бірлескен жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері қорытындыланып, жаңа бастамаларды іске асыру барысы да қаралды.

Қос тарап жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды дайындау жүйесін нығайтуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін растады.