13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ Атқару комитеті Freedom QJ League-пен келісімді 2028 жылға дейін ұзартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚФФ Атқару комитеті Freedom QJ League-пен келісімді 2028 жылға дейін ұзартты

ҚФФ Атқару комитетінің отырысында қазақстандық футболды дамытуға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Нәтижесінде Freedom QJ League республикалық жасөспірімдер жарыстарын (U16, U17, U18) және қыздар арасындағы U17 біріншілігін ұйымдастыру мен өткізу бойынша эксклюзивті ұйымдастырушылық әрі коммерциялық құқықтарын сақтап қалды.

Сонымен бірге, келесі маусымнан бастап Лига U15 санатындағы чемпионатты да өткізеді. ҚФФ пен Freedom QJ League арасындағы келісім 2028 жылға дейін ұзартылды.

Айта кетейік, биыл Freedom QJ League турнирлері еліміздің 18 өңірінен 54 командаға біріктірілген 1 620 жасөспірім ұлдар мен қыздарды қамтып отыр.