05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ «Ақтөбе» футбол клубына айыппұл салды

ҚФФ «Ақтөбе» футбол клубына айыппұл салды

Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымының 10-туры аясында өткен «Жетісу» – «Ақтөбе» кездесуінде тәртіптік ереже бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын барысында «Ақтөбе» жанкүйерлері «Қайрат» командасына қатысты бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әрекет ДР-дің 64-бабының 2-тармағына сәйкес, орынсыз мінез-құлық ретінде бағаланды.

Осы тәртіпбұзушылыққа байланысты «Ақтөбе» клубына 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлды төлеу мерзімі — 2025 жылдың 28 маусымына дейін.