18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ академиясына FIFA Academy мәртебесі берілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚФФ академиясына FIFA Academy мәртебесі берілді

Талғарда орналасқан Қазақстан футбол федерациясының академиясына ресми түрде FIFA Academy мәртебесі берілді. Арнайы рәсім барысында сертификат табысталды.

Бұл – Қазақстан футболы үшін тарихи сәт әрі үлкен жетістік. Академияға берілген мәртебе жас ойыншыларды даярлау жүйесінің халықаралық талаптарға сай екенін көрсетеді.