15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ 100 футбол алаңын салуға арналған ірі реформаны бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Марат Омаров

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық реформаның басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Qazsport арнасының эфирінде хабарлады.

Оның айтуынша, ФИФА-ның қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет 100 мини-футбол алаңын салу жобасы бекітілді. Жаңа алаңдар қалалар мен ауыл мектептерінің аумағында бой көтереді.

— Біз мектептерді әлеуметтік осалдық, халық тығыздығы және спорт инфрақұрылымының жетіспеушілігі сияқты критерийлерге сүйене отырып таңдаймыз. Бұл — ұзақ уақыт назардан тыс қалған өңірлерге қарай жасалған нақты қадам, — деді Омаров.

Сонымен қатар, елде FIFA Arena және KFF Arena жобалары жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Федерация кәсіпкерлер үшін субсидиялау және жеңілдетілген несие беру тетіктерін де әзірлеуде.

Омаровтың айтуынша, реформаның басты мақсаты — инфрақұрылым тапшылығын жою және елдің қай өңірінде өмір сүретініне қарамастан, балалар мен жастардың футболға қолжетімділігін қамтамасыз ету.