16.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Qazsport Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Селтик» матчын көрсетеді

Qazsport Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Селтик» матчын көрсетеді

Qazsport телеарнасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы матчтың тікелей трансляциясын ұйымдастырады — кездесу 21 тамызда Глазгодағы стадионда Қазақстан уақыты бойынша түнгі сағат 12-де басталады.

Алматы клубы плей-офф кезеңіне дейін күрделі жолдан өтті — команда үш қарсыласын жолынан ығыстырды:

  • словениялық «Олимпияны» жалпы есеппен 3:1
  • финляндиялық КуПС-ті камбэктен кейін 3:2 есебімен
  • словакиялық «Слованды» 1:1 тең ойыннан кейін пенальти сериясында 4:3

Екі матч қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жолдама алады.