26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанның екінші ракеткасы US Open-де келесі кезеңге өтті

Қазақстанның екінші ракеткасы US Open-де келесі кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші, елдің әйелдер арасындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта Путинцева WTA рейтингінде 55-орында тұр.

Алғашқы айналымда ол әлемдік тізімде 85-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттомен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 7:6 (7:4). Бірінші партияда қазақстандық спортшы 1:4 есебімен ұтылып жатқанымен, қатарынан бес гейм ұтып, матчтың бағытын өз пайдасына бұрды.

Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бірде-бір эйс жасамады, екі қос қателік жіберді және 10 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.

US Open турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцева ресейлік Анна Калинская мен америкалық Клерви Нгунудың арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.