13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандықтар академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандықтар академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Мәскеуде академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы LW1x (2000 метр қашықтық) санатында Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 500 метрлік спринтте Иван Чернухин мен Владислав Яковлевтен құралған экипаж 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдегер атанса, Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 көрсеткішпен үшінші орынға ие болды.