30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер Азиядасында екінші медалін алды

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер Азиядасында екінші медалін алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ауыр атлет Нұржан Жұмабай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл жолы ол 79 келіге дейінгі салмақта серпе көтеруде екінші орынға ие болды.

Жұмабай өзінің үздік мүмкіндігінде 176 келіні еңсерді.