01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында финалға өте алмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында финалға өте алмады

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты жалғастыруда. Алайда кезекті жарыс күні біздің спортшылар финалдық кезеңге жолдама ала алмады.

Адильбек Мусин 100 метр баттерфляй қашықтығында 22-нәтиже көрсетсе, 50 метр еркін стильде 52-орынға тұрақтады.

Ксения Игнатова 200 метрге арқамен жүзу сайысында 28-ші орын алды.

Софья Сподаренко 50 метр баттерфляйда 32-нәтиже көрсетті.

Дегенмен, қазақстандық жүзушілер турнирдің келесі жарыс күндерінде жоғары нәтиже көрсету үшін күресті жалғастырады.