25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық жүзгіш Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық жүзгіш Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті.

Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.