15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық жас теннисшілер «Президент кубогы» турнирінде финалда бақ сынайды

Қазақстандық жас теннисшілер «Президент кубогы» турнирінде финалда бақ сынайды

Қазақстандық теннисшілер Аружан Сағандықова мен Екатерина Дмитриченко ITF W15 «Президент кубогы» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық дуэт өзбек спортшылары Нигина Алимова мен Сабрина Олимжанованы 5:7, 7:5, 10:5 есебімен ұтты.

Титул үшін финалда Сағандықова мен Дмитриченко ресейлік жұп Екатерина Хайрутдинова мен Анна Кубаревамен ойнайды.