29.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Юлия Путинцева US Open-2025 турнирін аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық Юлия Путинцева US Open-2025 турнирін аяқтады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Юлия Путинцева АҚШ-та (Нью-Йорк) өтіп жатқан US Open-2025 турнирін аяқтады.

Қазақстанның екінші ракеткасы екінші айналымда ресейлік Анна Калинскаяға 1:6, 5:7 есебімен жол берді.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде – 10) АҚШ ашық чемпионатында сәтті өнерін жалғастыруда.

Екінші айналымда ол 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен (WTA – 92) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:6. Осылайша Рыбакина турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды.