28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Тыныштық Alash Pride турнирінде жылдам жеңіске жетті

Қазақстандық Тыныштық Alash Pride турнирінде жылдам жеңіске жетті

Астанада Alash Pride FC 108 аралас жекпе-жек турнирі басталды. Кештің алғашқы жекпе-жегінде жеңілмеген қазақстандық Жәнібек Тыныштық пен Ресей өкілі Нұрислам Рамазанов кездесті.

Жеңіл салмақтағы қарсыластық — ресейлік спортшының жарақатына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Төреші бірінші раундтың 43-ші секундында жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық спортшыға техникалық нокаутпен жеңіс берді.

Жәнібек Тыныштық өзінің жеңілмеген рекордын алты жеңіске дейін жақсартты, ал Нұрислам Рамазанов кәсіби мансабында үш жеңіс кезінде жетінші жеңілісін тартты.