05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық төрешілер Конференция лигасы топтық кезеңіндегі матчта қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер Конференция лигасы топтық кезеңіндегі матчта қазылық етеді
Қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіндегі «Самсунспор» (Түркия) мен «Хамрун Спартанс» (Мальта) командалары арасындағы ойынды басқарады. Бұл туралы ҚФФ жазды.

Ойын 6 қараша күні Самсун қаласындағы «Самсун Йени Ондокуз Майыс» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – Қазақстан уақытымен 22:45.

Ойынның бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Резервтік төреші – Арман Есмұратов.

VAR төрешісі – ағылшын Даррен Ингланд, ал AVAR қызметін Данияр Сахи атқарады