13.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисшінің 2026 жылғы алғашқы турнирі анықталды

Қазақстандық теннисшінің 2026 жылғы алғашқы турнирі анықталды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгтағы турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бублик үшін бұл 2026 жылы өтетін алғашқы турнир болады. Hong Kong Tennis Open турнирі 5–11 қаңтар аралығында өтеді. Сондай-ақ, топ-20 теннисшілер арасында турнирге италиялық Лоренцо Музетти, ресейлік Андрей Рублев және Карен Хачанов қатысатыны растаған.

Айта кетейік, 2025 жылғы маусымда Александр Бублик төрт ATP турнирінде жеңіске жетті: Галле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэль (Австрия) және Ханчжоу (Қытай). Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Туриндегі (Италия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.