28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос бірінші айналымында бес жеңіске жетті

Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос бірінші айналымында бес жеңіске жетті

Франция ашық біріншілігінің басында Қазақстан өкілдері тамаша нәтиже көрсетті — барлық теннисшілер турнирдің келесі айналымына өтті.

Ерлер жекелей разрядында Александр Бублик (62 ATP) австралиялық Джеймс Даквортты (92 ATP) — 6:2, 6:4, 6:4 есебімен жеңсе, Александр Шевченко (103 ATP) серб Душан Лайовичтен (125 ATP) — 6:2, 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.

Әйелдер сеткасында Елена Рыбакина (11 WTA) аргентиналық Хулия Риераны (202 WTA) — 6:1, 4:6, 6:4 есебімен жеңді, ал Юлия Путинцева (31 WTA) Аргентинаның тағы бір өкілі Солана Сьерраға (110 WTA) — 7:6, 6:2 есебімен мүмкіндік қалдырмады.

Жұптық разрядта Анна Данилина серб Александра Круничпен бірге поляк-америкалық жұп Магда Линетт пен Бернарда Перадан — 6:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.