05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Монреалдағы турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Монреалдағы турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреалдағы «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы украиналық Марта Костюк болды. Ойын сағатының соңында Костюк матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл ретте Рыбакина 6:1, 2:1 есебімен жеңді.

Рыбакина жартылай финалда Виктория Мбоко (Канада) — Джессика Бузас Манейро (Испания) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.