21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 275-орын) Таустдағы (Испания) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

жартылай финалда Дияс жапониялық Хироми Абэмен (357-орын) кездесіп, оны екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 58 минутқа созылды.