25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қыздардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: беларусь Арина Соболенко көш бастап тұр, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында америкалық теннисші Кори Гауфф.

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина оныншы орында қалды. Юлия Путинцева бір позиция төмендеп, 55-орынға тұрақтады.

Жұптық сындағы теннисшілер арасында Анна Данилина әлі де оныншы орында. Путинцева 105-ші, Жібек Құламбаева 130-шы орында.