27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Клуж-Напокада (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында кезекті кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жұптық сайыс, 1/8 финал

Алан Құрманғалиев/Беньямин Фараджи (Қазақстан/Иран) — Тиаго Абиодун/Юлиан Чирита (Португалия/Румыния) 0:3 (5:11, 11:13, 10:12).

Аралас жұптық сын, ширек финал.

Алан Құрманғалиев/Хана Года – Ли Хэчень/Цинь Юйсюань (Қытай) 1:3 (7:11, 11:6, 7:11, 7:11).

27 қарашада ол жекелей сында өнер көрсетеді. 1/16 финалда Алан Пуэрто-Рико спортшысы Энрике Риоспен кездеседі.