28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық таеквондошылар Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады

Қазақстандық таеквондошылар Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады

Қазақстан құрамасы таеквондодан (WT) АҚШ-та өтетін Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Иран командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаттығу жиындары Тегеранда (Иран) өтуде.

Жиынға құраманың көшбасшы спортшыларын қоса алғанда, 20 таеквондошы қатысуда.

Оқу-жаттығу жиыны 5 маусымға дейін жалғасады.