25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық спортшы Финляндияда өткен турнирде бесінші орын алды

Қазақстандық спортшы Финляндияда өткен турнирде бесінші орын алды

Финляндияның Леви қаласында тау шаңғысынан Levi FIS Race халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова қатысты.

Ол слаломда бесінші орын алды. Жарыста Анника Йоханссон (АҚШ) жеңіске жетті.

Екінші орынды Киа Суни(Финляндия) иеленді. Үздік үштікті Гранде Брусет (Норвегия) түйіндеді.